Ел жаңалықтары

Тоқаев: Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдердің үлесі бойынша көш бастап тұрмыз

  • Тоқаев: Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдердің үлесі бойынша көш бастап тұрмыз

    Тоқаев: Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әйелдердің үлесі бойынша көш бастап тұрмыз

Әйелдердің мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің тұрақты түрде кездесіп тұруымыз жақсы дәстүрге айналды. Көпшілігіңізбен ел дамуының әртүрлі мәселелерін бірге талқыладық. Бүгінгі жиын ортақ жұмыстың бірқатар қорынтындыларын айқындауға арналып отыр. Негізгі жұмыстар кеңес отырыстарының аралығында жүргізіледі. Себебі тек бастаманы көтеріп қоя салу жеткілікті емес. Заң жобаларын әзірлеу, өзара мәмлеге келу жолдарын іздеу көп уақыт пен табанды еңбекті талап етеді», - деді Президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы кеңес мүшелері айтқан идеялармен және ұсыныстармен мұқият танысып шыққанын айтты.

«Биыл мамыр айында «Сайлау туралы» Заңға Ұлттық кеңес бастамасымен енгізілген өзгерістерге қол қойғанымды білесіздер. Соған сәйкес, партиялардың сайлауалды тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квата енгізу қажеттігі заңдық тұрғыдан рәсімделді. Біз әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз. Статистика сәйкес барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 55 пайыздан астамы әйелдер.

Сондай-ақ, Парламент пен мәслихат депутаттарының 22 пайызы, судьялар корпусының 47 пайызы әйелдердің еншісінде. Оған қоса, биыл еліміздің тарихында тұңғыш рет әйел адам облыс басшысы болды. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесіндегі және биліктің өкілді органдарындағы әйелдердің үлесі бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Көрілген: 222    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31