Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізеді

02 наурыз 2022, 22:29

Жиында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ

Ертең, 3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ», - деп жазды Берік Уәли.
Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды.