Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

26 қаңтар 2022, 17:49

Бұған дейін Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментін басқарды

Ержан Сәденов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген өкім мәтінінде.
Сондай-ақ президент өкімімен Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетері, 2019 жылдан бері Ержан Сәденов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментін басқарды.

sputnik.kz