Тоқаев судьяларға қатысты ауыс-түйіс жасады

04 тамыз 2021, 11:30

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 шілдеде «Сот төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясын қызметінен босата отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Ербар Қалиевті тағайындады;
Шымкент қалалық сотының судьясын қызметінен босата отырып, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ретінде Нұрлан Биболовты тағайындады.
Толық тізімді мына сілтемеге өту арқылы көре аласыз.