Ел жаңалықтары

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына маңызды тапсырма берді

  • Тоқаев Ұлттық банк төрағасына маңызды тапсырма берді

    Тоқаев Ұлттық банк төрағасына маңызды тапсырма берді

Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайында есеп берілді, сондай-ақ, Ұлттық Банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамдары мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтылды. 

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық Банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.

Президент азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жылдамдатуға атсалысуды тапсырды.




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30