Ел жаңалықтары

Тоқаев үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

  • Тоқаев үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

    Тоқаев үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті "2021 &ndash 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сыртқы нарықтардағы күрделі жағдай ескеріліп, дағдарысқа қарсы кешенді шараларды қаржыландыру жалғасады деп мәлімдеді. Басым бағыт &ndash алдағы үш жылда азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу. Осылайша 2021 жылы бюджет шығыстарының 50% -тен астамы әлеуметтік салаға бөлінеді, деді спикер.

Ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ЖІӨ-нің нақты өсімі 2021 жылы 2,8%, 2022 жылы 3,7% және 2023 жылы 4,6% деңгейінде болжанып отырғанын хабарлады.

Мұнай бағасы консервативті тәсіл ескеріле отырып, 2021-2023 жылдары барреліне 35 доллар деңгейінде белгіленді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметті бойынша республикалық бюджетке (трансферттерді қоспағанда) 2021 жылы 6,9 триллион теңге, 2022 жылы 8,5 триллион теңге және 2023 жылы 9,2 триллион теңге кіріс кіреді.

Президент бұған дейін  "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 &ndash 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды.

Заңда Ұлттық қордан 2021 жылы &ndash 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы &ndash  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы &ndash 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

Сондай-ақ, құжат кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағытын айқындайды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейді. 

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/economy/20201202/15638219/Toqaev-respublikalyq-byudzhet.html




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.12.2020, 22:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31