Ел жаңалықтары

Тоқаев үшін келесі маңызды қадам қандай?

  • Тоқаев үшін келесі маңызды қадам қандай?

    Тоқаев үшін келесі маңызды қадам қандай?

Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысындағы мәлімдемесі туралы Bugin.kz платформасы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жас ұрпақты құмар ойынның залалынан жан-жақты қорғауымыз тиіс. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет. Бұл туралы Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мәлімдеді.

"Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз", - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. "Қазақстанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірлеген жөн. Бұл құжатты Үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері бірлесе дайындағаны абзал", - деді Қ.Тоқаев. 

Президент өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейдегі сайлау институтын нығайту мәселесіне де тоқтала кетті. Мұның бәрі ауылда, ауданда тұратын әрбір жан өзінің және отбасының болашағына өзі жауапты екенін сезіну үшін қажет екенін айтты.

"Мен былтырғы жолдауымда үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл құжаттың жобасын Реформалар жөніндегі жоғары кеңес алдағы уақытта қарайтын болады", &ndash деді Президент. Сонымен қатар екінші жартыжылдықта мәселені кейінге қалдырмай, тиісті заң жобасын дайындауға кірісуді тапсырды. "Келесі маңызды қадам &ndash аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін", &ndash деді Тоқаев. 
 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30