Ел жаңалықтары

Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

  • Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

    Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаевқа коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы ақпарат берілді.



Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады
Күнсұлу Закарьяның мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда институттың базасындағы бес платформада коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалуда. Институт әзірлеген белсенді емес вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлданып, клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті және қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығында зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан отандық екінші суббірлікті вакцина ДДСҰ тарапынан мақұлданып, клиникалық зерттеулерден сәтті өткен. Бұл вакцинаның материалдары Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында қаралып жатыр.

"Президентке Қазақстанда бұрын-соңды болмаған иммундық препараттар шығаратын зауыт құрылысы туралы да мәлімет берілді", - делінген хабарламада.
Ғылыми-зерттеу институтында отандық вакциналар шығаратын зауыт құрылысы жүргізілуде. Зауыттың жобалық қуаты жылына 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жетеді. Осы арқылы отандық нарықты ғана қамтып қоймай, оны экспорттауға да мүмкіндік туады. Аталған зауыт іске қосылған кезде еліміз импорттық тәуелділіктен арылады. 

Мемлекет басшысы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру ұсынысын қолдады. Сонымен қатар кездесуде қызметкерлердің жалақысын көтеру, аталған салаға жас мамандарды көптеп тарту, нормативтік-құқықтық актілерге вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізу мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакциналарды дайындау ісіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 22:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30