Ел жаңалықтары

Тоқаевқа Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды

  • Тоқаевқа Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды

    Тоқаевқа Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап. 

 Президентке Германиядан инвестиция тартуға, екі елдің бизнес саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, Қазақстан экономикасы үшін маңызды саналатын бағыттардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

Үкіметтің жұмыс тобы осы бағыт бойынша перспективасы бар бағыттар мен жобаларды одан әрі пысықтау үшін тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту үшін жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы баяндалды. Елімізде 119 мың қызметкерді жұмыспен қамтып отырған 3 мыңнан астам машина жасау кәсіпорны бар. Үкімет аталған саланы қарқынды дамыту мақсатымен отандық машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірістің көлемін сақтап, өсімін одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған қолдау шараларын қабылдауда.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды екеніне назар аударып, бірқатар нақты тапсырма берді. 




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 16:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31