Тоқаевтің тазысы. Ши төрағаның кружкасы

13 наурыз 2021, 13:40

Америкадағы билік ауысу барысы әлем халқының көз алдында өтті. Сайлау нәтижесіне келіспеген Трамптың қарсылық әрекеті фейсбук, твинтер сияқты әлем желі алпауыттарының экс-президенттің аккаундын мәңгілікке бұғаттауымен аяқталды.

Демократиялы қоғамда баспасөздің тәуелсіз болатыны, билікке бағынбайтыны айтпаса да түсінікті. Баспасөзі бір жақты ақпарат тарататын коммунистік идеялогияның шекпенінен шыққан елдерде бұл - мүмкін емес нәрсе. Ашық ақпарат көздерінің тапшылығынан, ресми хабарлардың қол жетімсіздігінен мұндай елдерде мемлекет басшыларына қатысты тосын жаңалық жұрт назарын аудармақ.

Ресей президенті Путиннің аталмыш "Хан сарайы" сөз болатын Навальныйдың деректі филымін қысқа уақытта миллиондаған адамның көргені соны аңғартады. Пекинде өтіп жатқан үкіметтің алдағы жылдарға арналған қызмет жоспарын талқылап бекітетін Қытайдың мәжіліс және тұрақты кеңесінің жиналысында ел назары үкіметтің зейнетке шығу жасын ұзарту қатарлы реформаларымен бірге ел басшысы Шижинпиңнің кружкасына түскен. Өзге басшылардың алдына бір стаканнан, Ши төрағаның алдына екі стакан қойылған екен. Оны жұрт сан-саққа жүгіртіп, екеуінде де тамақ жібітетін қайнаған су болуы мүмкін емес, біреуінде дәрі болуы мүмкін, демек ол тұрақты ем қабылдап жүрген деп түрлі жорамалдар жасаған.

Бірнеше күн бұрын президент Тоқаевтің ит ертіп серуендеп жүрген фотосы әлеуметтік желінің қызу тақырыбына айланды. Оның алдында жұрттың көзі президенттің ұялы телефонының маркасына түскен еді. Біреулер Ақ үйде итін құшақтап отырған Байденмен салыстырып "Міне менталитет" десе, енді біреулер "Президенттің астында - ат, қолында - бүркіт болса тіпті де қатып кетер еді" деп жатты.

Әділін айту керек, президент өзге шенеуніктерге ашықтықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бұрын халық көшеге қаз қатар тізілген сақшыларға қарап, шенеуніктің дәрежесін, қимыл-қозғалысын сырттай болжаса, қазір президент өзі бас балып, әлеуметтік желі арқылы жаңалықтарын тікелей бөлісіп отырады. Қоғамда болып жатқан жайттарға көзқарасын дер кезінде жеткізеді.

Бұл да үлкен жетістік. Демократиялық өзгерістерге жасалған сәтті қадам. Баяғыда "Шаншар" театры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кездегі дінни басқарма басшысы Әбсаттар қажыға пародия жасағанда, "Біреуі - Ел басымыз, біреуі - Дін басымыз, оларды сайқы мазаққа айландыруға бола ма?!" деп тосырқағандар да болған.

Есбол Үсенұлы  https://bugin.kz/