Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді

24 ақпан 2022, 14:02

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да Qazaqstan Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Бүгінде екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр.

Осы мәселеде Берік Уәли Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді.