Ел жаңалықтары

Тоқаевтың жарлығы қоғамдық талқылауға шығарылды

  • Тоқаевтың жарлығы қоғамдық талқылауға шығарылды

    Тоқаевтың жарлығы қоғамдық талқылауға шығарылды

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" президент жарлығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Жоба электронды үкімет сайтында жарияланды.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік комиссия құрамы мен ережелерін бекіту, жарлықты орындауды бақылау Президент әкімшілігіне тапсырылды.

Комиссия президент жанындағы консультативті-кеңесші орган болады деген болжам бар. Конституция мен Қазақстан заңдарына негізделеді.

Жоспарға сәйкес, мемлекеттік хатшы комиссия төрағасы болады. 

Комиссия құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ұлттық және мемлекеттік архив, қоғамдық ұйым өкілдері енеді. 

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі: 2020 жылдың 5 қазанына дейін.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.


 




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.09.2020, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31