Ел жаңалықтары

«Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмай жатыр?»: депутаттар Цойға талап қойды

  • «Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмай жатыр?»: депутаттар Цойға талап қойды

    «Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмай жатыр?»: депутаттар Цойға талап қойды

Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмай жатыр? «Мұның себебін Денсаулық сақтау министрі Мәжіліске келіп түсіндіруі тиіс» деп, депутаттар талап қойып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Мәжілісмендердің есебінше, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдықса, мемлекеттен төлем алуға соның 20 пайызға жетер-жетпесінен өтініш түскен.

"Бес айдан астам уақыт бойы министрліктен министрлікке жауапкершілік аударылып, неліктен мәселе әлі шешілмеген? Жайбасарлықтың салдарынан Президентінің тапсырмасы орындалмайын деп тұр. Жоғарыда аталған проблемалар Денсаулық сақтау және Еңбек министрліктерінің өзара іс-қимыл алгоритмдерін уақтылы пысықтамауынан туындады деп санаймыз", - деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Мемлекет басшысы 30-наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды. Депутат Зәуреш Аманжолованың көтеріп отырғаны осы мәселе. Бүгінгі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 мың  475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19 пайызы ғана. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3 пайызына төленген. Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу қарқыны тіпті, төмен. Бүгінге дейін ковидтен 197 медицина қызметкері көз жұмса, министрліктен төлемге тек 38 өтініш түскен. Ал өтемақыны алғандар саны бар-жоғы 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 13 пайызына да жетпейді. 

"Денсаулық сақтау министрінің өзі келіп есеп берсін. Президенттің төлемақыға қатысты тапсырмасы жарты жыл бұрын берілді. Дәрігерлер өмірін қатерге тігіп, алғы шепте еңбек етті. Талайы вирус жұқтырды, көбі көз жұмды. Сондықтан министрдің өзі жауап беруге міндетті", -  деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 02:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31