Тоқаевтың үстел теннисін ойнап жатқан кезіндегі архив суреті тарады

05 наурыз 2022, 21:52

Ақорданың баспасөз қызметі Telegram-арнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың архив суретін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметі Тоқаев үстел теннисінен әуесқой ойыншы екенін атап өтті. 

 

"Кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған болатын. Фотода Қазақстанның болашақ Президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. Бейжің қаласы, 1986 жыл", - делінген жазбада.