Ел жаңалықтары

Төлеби, Еңбекші аудандарындағы тасқын Қазығұртқа жетіп, 30 үйді су басты (ВИДЕО)

  • Төлеби, Еңбекші аудандарындағы тасқын Қазығұртқа жетіп, 30 үйді су басты (ВИДЕО)

    Төлеби, Еңбекші аудандарындағы тасқын Қазығұртқа жетіп, 30 үйді су басты (ВИДЕО)

Біз осының алдында ғана қатты жауын-шашын салдарынан, Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Қасқасу өзені тасып, бірнеше ауыл тұрғындарын әбігерге түсіргенін жазған едік. Енді Қазығұрт ауданындағы Жігерген ауылдық округінде 30 үйдің ауласын су шайып, 2 қораны құлатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

youtu.be/NmCeYGVL9og

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, яғни 13 мамыр күні 19:30 шамасында Өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Жігерген ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар түскен. Содан оқиға орнына Қазығұрт ауданының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шығыпты.

«Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінен 15 қызметкер мен 6 техника жетіп, 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде» делінген баспасөз хабарламасында.

Орын алған жағдайлар бойынша зардап шеккендер жоқ. Келтірілген залал шығындары есептелуде.

 

 




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 08:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31