Ел жаңалықтары

"Томирис": Үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалған тарихи фильм жарыққа шықты (фото)

  • "Томирис": Үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалған тарихи фильм жарыққа шықты (фото)

Кеше, 26 қыркүйек күні оңтүстік астанамыз Алматыда "Қазақфильм" киностудиясы тапсырысымен түсірілген режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмінің тұсаукесері өтті. Аталмыш картина алдымен Нұр-Сұлтан қаласында көрсетілген болатын. Екі күн бойы премьерасы болған тарихи драма шақырылған қонақтардың көңілінен шықты ма? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.


Алматы жұртшылығына көрсетілмес бұрын фильмнің қоюшы-режиссері Ақан Сатаев бастаған шығармашылық құрам БАҚ өкілдері үшін баспасөз жиынын өткізіп, журналистерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.


Конференцияға картинаның басты кейіпкері - Томиристің жас кезін және патшайым болған кезін сомдаған қос актриса Салтанат Серкебаева мен Альмира Тұрсын қатысты.


Олар түсірілім сәтінде қандай қиыншылықтарға тап болғанын, соғыстың айла-тәсілдерін қалай үйренгендерін айтып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.


Осы орайда айта кетерлігі, басты рөлде ойнаған Альмир Тұрсынның негізі жұмысы - психолог.


Бұл фильм - қарапайым мамандық иесі үшін актриса ретіндегі алғашқы жұмысы.

Алайда журналистер тарапынан қойылған сұрақтардың басым көпшілігі "Томиристі" үлкен экранға шығарған танымал режиссер Ақан Сатаевқа бағытталды.


Осы уақытқа дейін бірнеше фильмді көрермен назарына ұсынып, олардың ыстық ықыласына ие болып жүрген кино майталманы бұл жолғы туындысы да барша жұрттың көңілінен шығады деп сенеді.


Ол үшін режиссер мырза екі жарым жыл бойы барын салып, аянбай жұмыс істегенін атап өтті.


Сонымен қатар, Сатаев өз фильмін "Оскар" жүлдесіне ұсынуға ниетті екенін жасырмады. Әзірге бұл өтініші комиссия бақылауында көрінеді.


Ақан мырза "Томирис" фильмі үшін ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыстар жасалғанын да тілге тиек етті.


"Томирис": Үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалған тарихи фильм жарыққа шықты (фото)


Көне парсы, араб, түркі тілдерінде түсірілген картинаның жарыққа шығуына ең мықты деген кино мамандары атсалысқан. Костюм, реквизит, декорация, грим сынды көзге көрінбейтін, бірақ атап өтуге тиісті дүниелердің өзіне нағыз шеберлер шақырылып, күндіз-түні тынбай еңбек еткен.


Үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалып, екі жарым жыл бойына түсірілген "Томирис" фильмі алғашқы көрсетілімнен-ақ кино сүйер қауымның жүрегінен орын тапқан сыңайлы.


Қос премьерада да фильм соңында көрерменнің ұзақ қол соғып, түсірлім тобына қошемет білдіруі бұл сөздерімізге дәлел болады.


Естеріңізге сала кетсек, аты аңызға айналған сақ патшайымы "Томирис" туралы фильмді бүгін, 27 қыркүйектен бастап кинотетарлардан тамашалай аласыздар.


 




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

сенбі, 28.09.2019, 02:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30