Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Төрт ауданның әкімі қызметінен қуылды

05 желтоқсан 2012, 12:44

Солтүстік Қазақстан облысында төрт ауданның әкімі қызметімен қоштасты. Ал өңір басшысының орынбасарына сөгіс берілді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасымен кездесуде сөгіс алған облыс әкімі Серік Біләлов Астанадан келе сала қол астындағыларды сілкілеп жатыр.
Естеріңізде болса, Президент Нұрсұл­тан Назарбаев министрлер мен облыс әкім­дерінің қатысуымен өткен кеңесте жергілікті атқарушы орган басшыларына көңілі толмайтынын айтқан болатын. Ақ­мо­ла, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары соңғы үш жылда бар-жоғы 550 мың доллар шетелдік ин­вес­тиция тартқан екен. Онымен қоймай, ауызсу бағ­дар­ла­масы бойынша салынуы тиіс 14 нысан тура­лы ақпаратты Қызылжардың басшысы жасырып қалған. Елбасы осы әрекеті үшін Солтүстік Қазақстан облы­сының әкімі Серік Біләловке сөгіс жа­риялады.
Астанадан келе сала жиналыс өткізген облыстың бірінші басшысы кінәлілерді іздеуге кірісті. Президент алға қойған мін­дет­тер жөнінде мемлекеттік мекемелер бас­шыларымен және аудандар әкімдері­мен кеңес өткізді. Онда өңірдегі мемлекет­тік бағдарламалардың орындалу бары­сының өзекті мәселелері қаралып, негізгі бағыттар бойынша рейтингтік бағалаудың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ қыз­меттік міндетін тиі­сінше орындамағаны үшін облыс әкімінің орынбасары Алексан­др Чженге сөгіс бе­рілді. Ал Қызылжар ауда­нының әкімі Вик­тор Редин, Шал ақын ауда­нының басшысы Қуандық Тінеев, Айыр­таудың әкімі Ерлік Жанділдин және Жамбыл ауданының әкімі Серік Ыбыраев қызметтік креслоларын босатты. Сондай-ақ Мамлют ауданы әкімі­нің орынбасары Мирзабег Гаджиев те ор­нынан алынды.