Ел жаңалықтары

Төрт оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: куәгерлер жағдайды баяндады

  • Төрт оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: куәгерлер жағдайды баяндады

    Төрт оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: куәгерлер жағдайды баяндады

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізушінің кесірінен зардап шеккен оқушы қыздардың жағдайы өте ауыр. Олар қазір комада жатыр. Дәрігерлер балалардың өмірін сақтап қалуға бар жағдай жасауда. Ал жеткіншектердің ата-аналарына тиісті барлық көмек көрсетілмек. Бұл туралы AlmatyTV хабарлайды. 

 
Оқиға Қорам ауылында кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мас күйдегі көлік жүргізушісі мектептен қайтқан оқушыларды қағып, әрі қарай көлік осындағы бірнеше метр жерде тұрған жол белгісіне барып бір-ақ тоқтаған.

«Біз бірден далаға жүгіріп шықтық. Аяғы сынған қыз айғайлап көмек сұрап тұрды. Сәл әріректе екі қыз жатты. Көршілерге айтып, жедел жәрдем шақырттық», – деді куәгер Александра Григориади.
8-9 жастағы жеткіншектерге жедел алғашқы медициналық көмек көрсетіліп ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қазір қыздардың екеуі жасанды желдендіру аппаратына қосылғанын, бірінің денсаулығы тұрақты болғандықтан, облыстық көпсалалы аймақтық балалар ауруханасына ауыстырылғанын хабарлады.

«Ауыр бас ми жарақаты, бас миының жаншылуы, кеуде клеткаларының жарақаты, және екі санының жабық сынығы. Травматикалық шокпен жеткізілді. Қазір толыққанды ем алып жатыр. Бірақ динамикалық жағдайы әлі ауыр», – деді Шелек ауылындағы аудандық ауруханасы жансақтау бөлімінің бөлім меңгерушісі Серікбек Нұрланбек.
Айта кетсек, бұл жағдайды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алатынын мәлімдеді. 4 наурызда облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі балалардың жағдайын көріп, олардың ата-анасымен кездесті.

«Бүгін өздеріңіз көріп отырсыздар, облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі келіп, дәрігерлермен, туыстарымен сөйлесіп, мемлекет тарапынан заң аясында қандай көмектер керек болса, соның барлығы жасалатын болады. Тасымалдауға жағдайы жарайтын болса, зардап шеккендерді Алматы қаласына жіберуді жоспарлап отырмыз. Балалар қалыпқа келгенше осы емханада болады», – деді  Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев.
Ал ауыл халқы көлік тізгінінде болған 54 жастағы азаматтың ішімдікке әуестігі жоғын, әрі ол ауылдағы белсенді тұрғындардың бірі екенін айтады.

«Белді, жақсы жігіт. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ». Ішкен шығар. Кінәсін мойындайды. Ауылға бар көмегін беріп жүреді. Кеше анасы барып алдарынан өтті. Жазым ғой енді, зардап шеккендер аман-есен жазылып кетсе болды», - деді Қорам ауылының тұрғыны Мәди Өтемісов.
Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қылмыстық кодекстің 345- бабы, яғни мас күйінде көлік айдап жол ережесін бұзу арқылы денсаулыққа зақым келтіру бабы бойынша тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалған.




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30