Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

08 қазан 2021, 21:56

Қазгидромет 9 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

9 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі.

 

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 

Қызылорда облысының орталығындажел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

 

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 17-22, екпіні 27 м/с жетеді.