Ел жаңалықтары

Төтенше жағдай: өңірлерде сауда орталығы мен базарлар жұмыс істейтін болады

  • Төтенше жағдай: өңірлерде сауда орталығы мен базарлар жұмыс істейтін болады

    Төтенше жағдай: өңірлерде сауда орталығы мен базарлар жұмыс істейтін болады

Қазақстанда аумағы 2 мың шаршы метрден кем емес ірі сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Алайда санитарлық, залалсыздандыру шараларын күшейту керек. Бұл өзгерістің карантинге жабылған астана мен Алматы қалаларына қатысы жоқ.

Сауда және интеграция министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай кезінде дәмхана, дүкен мен сауда орталықтарының жұмысына қатысты бұйрыққа өзгеріс енгізді.

Құжатта аумағы 2 мың шаршы метрден кем емес ірі сауда нысандарының сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтіні жазылған. Олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын әдеттегі режим бойынша жалғастырады. Аулалардағы дүкендер де жұмысын тоқтатпайды.

Азық-түлік емес базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық шаралар күшейтіледі.

Қоғамдық тамақтану нысандары жүмыс істейді, бірақ бірқатар шектеу енгізілген:

  • сауда орталығы аумағындағы дәмханаларда тамақтануға болмайды, тек дайын тағамды үйге жеткізу қарастырылған;
  • сауда орталықтарының аумағында емес дәмханалар тек 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Келушілер саны бір уақытта 50 адамнан аспауы тиіс.

"Сауда орталықтары мен базарларды ашу шешімі қабылданды. Бұл сауда және қызмет көрсету саласындағы көптеген азаматтарды жұмыспен қамту және табысын жоғалтпаумен байланысты. Бірақ барша кәсіпкерлер бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауы керек екенін ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.

Өзгеріс карантин жарияланған астана мен Алматы қалаларынан басқа аумақта қолданылады. Алайда әкім мен бас санитар дәрігердің шешімімен қосымша шектеу енгізілуі мүмкін.

sputniknews.kz




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.03.2020, 00:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30