Ел жаңалықтары

ТШО ресми өкілі мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

  • ТШО ресми өкілі мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

    ТШО ресми өкілі мұнайшыларының 90%-ы вакцинадан бас тартқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

«Теңізшевройл» компаниясының ресми өкілі Рзабек Артығалиев компанияда вакцинация штаттық режимде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«12 сәуірге дейін ТШО-ға төрт мыңға жуық доза вакцина берілді. Бүгінде мыңнан астам қызметкер вакцина алды. Тағы 6,5 мыңнан астам адам екпе жасатуға ниет білдіріп, оны вакцинаның түсуіне қарай алады. Бізде мұнайшылардың 90 пайызы вакцинациядан бас тартқаны туралы ақпарат жоқ. Қайталап айтамын, адамдар вакцина жасатуға кезекке тұруда. ТШО компаниясының қызметкерлерінің көбі вакцинаны тұрғылықты жері бойынша өз емханаларында алып жатқанын білемін», – деді ол.

Еске сала кетейік, 13 сәуірде «Хабар 24» телеарнасы «Қазақстандық мұнайшылардың 90%-ы вакцинадан бас тартты» деген сипатта ақпарат таратты.

Бүгінде қызметкерлер өз міндеттеріне кіріспес бұрын оқшаулануға міндетті. ТШО өкілінің айтуынша, қазір COVID-19 жағдайына байланысты өтемақы төлеу бағдарламасы қайта қаралуда, сондай-ақ ол еліміздегі және теңіздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

«СЭС мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 26 наурыздан бастап толық вакцинацияланған қызметкерлерге вахтаға келгеннен кейін оқшауланудың қажеті жоқ», – деп жауап берді компаниядан.




Көрілген: 271    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 16:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31