Цифрлы карта адамдарды бақылайды

20 қазан 2020, 10:02

Енді Алматы қаласында адамдар көп шоғырланған жерді цифрлы картадан көріп, жедел жәрдем көлігінің шақыруларға жету жылдамдығын анықтауға болатын жоба іске қосылды. Бұл туралы Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлімдеді, - деп жазды aikyn.kz.

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, қазіргі күні қалада пандемия ке­зіндегі адамдардың белсенділігін сараптау мен денсаулық сақтау қызметінің сапасын арттыру мақ­сатында екі цифрлы жоба іске қо­сылған.

- Бірінші жоба аясында қала­лықтардың көп шоғырланатын жерлерін цифрлы картадан көре алатын боламыз. Шоғырланудың уақыты да көрсетіледі. Қаланың әр бұрышындағы адам қозғалысы туралы ақпаратқа қарай пандемия кезінде шаралар қолдану мүмкіндігі арта түседі. Жаңа жоба аясында қаланың әр ауданынан жедел жәр­дем мен полицияға шалынған қо­ңырау санын да білуге болады. Бұл да қауіпсіздік шараларын қай аудандарда күшейту керек екенін анықтауға мүмкіндік береді, &ndash деді ол.
Оның айтуынша, цифрлы кар­тадан қалаға кіріп-шыққан көліктер саны, олардың қай аудандардан келетіні мен қайда бағыт алғаны туралы мониторинг те жүргізіледі.

- Картадан тек қозғалыс пен жағдай, қоңырау сигналдары көрсетіледі. Жеке адам, көлік, пәтер жайлы мәліметтер алынбайды. Мысалы, адамдардың  периметр бойынша қозғалысын ғана көре аламыз, ал жынысын, кім екенін анықтай алмаймыз, -  деді.
Екінші жоба қаладағы жедел жәрдем көлігінің шақырылған нысанға жету жылдамдығын ба­қылауға арналған. Сондай-ақ қаланың қай ауданы жедел жәр­дем көлігіне көбірек зәру еке­нін анықтауға болады. Соған қа­рай  аудандардың санитарлық қауіп­сіздігі мен қызмет көрсетуді кү­шейту қарастырылады.