Ел жаңалықтары

"Цой жауап беруі тиіс": Депутаттар денсаулық сақтау министріне шүйлікті

  • "Цой жауап беруі тиіс": Депутаттар денсаулық сақтау министріне шүйлікті

Депутаттар "Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмай жатыр? Мұның себебін Денсаулық сақтау министрі Мәжіліске келіп түсіндіруі тиіс" деп, Алексей Цойға талап қойды. Мәжілісмендер Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққанын, мемлекеттен төлем алуға соның 20 пайызға жетер-жетпесінен өтініш түскенін алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

"Бес айдан астам уақыт бойы министрліктен министрлікке жауапкершілік аударылып, неліктен мәселе әлі шешілмеген? Жайбасарлықтың салдарынан Президентінің тапсырмасы орындалмайын деп тұр. Жоғарыда аталған проблемалар Денсаулық сақтау және Еңбек министрліктерінің өзара іс-қимыл алгоритмдерін уақтылы пысықтамауынан туындады деп санаймыз", - деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

 

Еске салайық, 30-наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырған еді. Депутат Зәуреш Аманжолова да осы мәселені көтерді. Сөзінше, бүгінгіде Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 мың  475 өтініш түскен: бұл ауырғандардың жалпы санының 19 пайызы ғана екен. Біржолғы әлеуметтік төлем болса тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3 пайызына төленген. Коронавирустан көз жұмған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу қарқыны тіпті төмен көрінеді. Бүгінге дейін коронавирустан 197 медицина қызметкері көз жұмса, министрліктен төлемге тек 38 өтініш түскен. Ал өтемақыны алғандар саны бар-жоғы 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 13 пайызына да жетпейді.

"Денсаулық сақтау министрінің өзі келіп есеп берсін. Президенттің төлемақыға қатысты тапсырмасы жарты жыл бұрын берілді. Дәрігерлер өмірін қатерге тігіп, алғы шепте еңбек етті. Талайы вирус жұқтырды, көбі көз жұмды. Сондықтан министрдің өзі жауап беруге міндетті", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 22:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31