Ел жаңалықтары

Цой қазақстандық вакцинаны шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

  • Цой қазақстандық вакцинаны шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

    Цой қазақстандық вакцинаны шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзде Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жақын арада, тамыз-қыркүйек айларында деп отырмыз. Негізінде іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды, қазір жабдықтың валидациясы жүріп жатыр және Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша қазір барлық регламенттік рәсімдер өтуде. Біз күзге қарай бұл зауыт іске қосылып, өз қуатын кезең-кезеңімен кеңейтеді деп ойлаймыз”, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 
Ол зауыт Қазақстанды да, шет елдерді де коронавирусқа қарсы вакциналармен қамтамасыз ететінін атап өтті.

Отандық вакциналар шығаратын зауыттың құрылысы Жамбыл облысында 2020 жылдың маусым айында басталды. Зауыт 2021 жылдың I тоқсанында жұмыс істей бастайды деп болжанған. Осы жылдың мамыр айында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зауытты тестілік режимде іске қосу маусым айына белгіленгенін мәлімдеді.




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 14:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31