Ел жаңалықтары

Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

  • Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

    Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бәріне бірдей тегін болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Министрдің айтуынша, ең бірінші кезекте қауіпті аймақта жүрген мамандар, атап айтсақ, дәрігерлер, ұстаздар мен ішкі істер қызметкерлері тегін вакцинамен қамтмасыз етілмек. 

"Алдын ала болжам бойынша вакцинаның құны екі доза үшін 20 долларды құрамақ. Бұл екпенің нақты бағасы емес, әлі өндіріс барысында анықталады. Біз басқа да шетелдік серіктестерімізбен келіссөздер жүргізудеміз. Мүмкін, нарықта коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина пайда болатын шығар. Ал кімдердің вакцинаны тегін немесе ақылы өтуі кейіннен анықталады", - деді ведомство басшысы. 

 Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ)  әлемде алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.     

Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сенбі, 05.12.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31