Ел жаңалықтары

Цой өзге елдермен әуе қатынасын шектеуді ұсынды

  • Цой өзге елдермен әуе қатынасын шектеуді ұсынды

    Цой өзге елдермен әуе қатынасын шектеуді ұсынды

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн отырысында айтты.  

Біз әлемдегі эпидемоиологиялық жағдайды матрицаға сәйкес бақылап отырмыз. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша  әлемде коронавирус инфекциясына қатысты жағдай әлі де күрделі болып отыр. Еуропа және Азия елдерінде індет өршіп отыр. Өткен аптада Италия, Түркия, Беларусь елдерінде науқастар саны артқан. Ресейде науқастар саны 0,6 пайыздан  0,7-ге дейін артты. Бұл Қазақстандағы жағдайдан 10 есе көп. Науқастар саны көбейіп жатқан елдер карантин шектеулерін тағы да енгізіп жатыр, - деді ол. 
Цой атап өткендей, елдегі эпидемолигиялық жағдай тұрақтануына қарамастан, халықтың сақтануы әлсіреп кетті. 

Әлеуметтік арақашықтық пен маска тағу режимі кейде сақталмайды. Бұл аурудың өршуі мен карантин режимін қатаңдатуға алып келуі мүмкін. Өңірлердегі рейдтің нәтижесі бойынша карантин жеңілдетілген соң карантин талаптарын сақтамау 34,4 пайыздан 40,7 пайызға дейін артқан. Карантин талаптарын бұзу 10 өңірде тіркелді. Тұрғындар маска тағу режимін де орындамай отыр. 5-28 қыркүйек аралығында 1031 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. Осы орайда аймақ әкімдері карантин талаптарын халық арасында сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек, - деді ол. 
Цой шетелдегі жағдайдың ушығуына қатысты 5 қазаннан бастап қосылуы тиіс әуе қатынастарының ашылмайтынын айтты. 

Қазір әуеқатынасы бар елдермен бағыттардың санын көбейтпеу керек. Түркиядан келетін бағыттардың санын қысқарту керек, - деді ол.

BAQ.KZ




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31