Туғалы құжаты болмаған: Өскеменде 24 жастағы әйел жеке куәлік алды

30 мамыр 2022, 17:55

ШҚО-да 24 жастағы әйелдің жеке басын растайтын құжаты болмаған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өскемен қаласының "Аналар үйінде" тұратын әйелдің тіпті туу туралы куәлігі болмаған. Ол ШҚО-ның Шемонаиха ауданында туған. Ата-анасы ажырасқан соң, ол анасымен бірге Өскеменге көшкен. Мектеп бітірген соң жұмыс істемеген, анасының асырауында болған. 

18 жасында қыз туып, анасы қайтыс болған соң, күн көруге ақшасы болмай, қиын жағдайға тап болған. Қазіргі таңда қызы 7 жаста және ол соңғы үш жылдан бері балалар үйінде тәрбиеленуде. 


Қазақстан мүгедек балалары бар ата-аналарға қосымша еңбек демалысы берілмек
СҚО-да екі апта бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр

Өскемен қалалық полиция басқармасы, миграциялық қызметі бөлімінің қызметкерлері дағдарыс орталығының қызметкерлерімен бірігіп, әйелдің азаматтығын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға, туу туралы куәлігін қалыпқа келтіріп, жеке куәлігін жасатуға көмектесті. Енді әйел қызын өз қамқорлығына алып, жұмысқа тұра алады.