Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Туған жерге теріңді төк!

28 қазан 2019, 12:17

Тәуелсіз, егемен еліміздегі жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Туған жер» шығармашылық байқауын жариялаған еді.

Алты номинациядан тұратын байқау әлі де өз жалғасын табуда. Туып өскен жеріне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша ат салысу –шынайы елінің дамуына үлес қосқандықтың белгісі. Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды. Айта кету керек, байқауға қатысып жатқан әр үміткерімізде тап осындай Отанға деген шынайы сүйіспеншілік бар. Әр адамның кіндік қаны тамып, туып өскен елі жер жәннатымен тең. Бірі Қазақстанды жырласа, ал бірі кіндік қаны тамған өлкесін сөз етуде. Қай қайсысы болмасын, туған жердің мерейін үстем ету үшін сөз маржанын тізбектеуде. Келіп түскен шығармаларға көз жүгірте қалсаңыз, Отанымыздың расында көркем, кең байтақ екендігінен хабардар етіп тұрады. Сонымен қоса, бұл өлкемен мақтанатындығын да жасырмайды. Туған жерге деген сүйіспеншіліктің, оның даму жолында тер төгудің бір үлгісі осы болар. Бастысы, тәуелсіз елімізде өз Отанын сүйетін, мақтана жырлайтын өрендеріміз көп болғай!

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі