Туған қызын зорлап, жүкті еткен: Түркістан облысында ер адамға сот үкім шығарды

30 шілде 2021, 13:29

Түркістан облысында Сарыағаш ауданының тұрғыны екі жыл бойы туған қызын зорлап келгені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Еуразия арнасы.

Әкесі қызы 14 жасқа келген кезде қорлық көрсетуін бастаған. Кейін оқушы жүкті болып қалады. Әкесі жазадан құтылудың амалын іздеп, ойынан оқиға ойлап табады. Қызын басқа қалаға колледжге оқуға жібереді. Сол жерде жас жігітпен танысып, содан жүкті болып қалған деп айтады. 

 
Бұдан соң, жасөспірім шыдамай, барлық оқиғаны тәтесіне жайып салады.

Шошып кеткен туысы дереу бәрін жасөспірімнің анасына жеткізген. Кейіннен әйелдер полицияға шағым түсіреді. 

Тергеу жүріп жатқанда жәбірленуші баласын босанады. ДНҚ сараптамасы күдіктінің нәрестенің әкесі екенін анықтап берді. Тіпті бұдан кейін де айыпталушы кінәсін мойындамаған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталған азамат аппеляцияға өтініш берген.