Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Түні бойы жібермеген": Петропавл тұрғыны мүгедектігі бар арудың топпен зорланғанын мәлімдеді

05 тамыз 2022, 12:23

Петропавлда мүгедектігі бар қызды үш ер адамның зорлағаны жайында ақпарат әлеуметтік желіде таралды. Полиция екі күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 3 тамызда болған. Зардап шеккен арудың танысының айтуынша, ол бойжеткеннің ақыл-есінің кемістігі бар, анасы да ауырады. Көпқабатты үйдің ауласында әткеншек теуіп отырған жерінен оны көршілерінің бірі қасындағы жалға берілетін пәтерге алып кеткен. Ол жерде тағы екі ер адам болған. Тек таңертең ғана жіберген.

“Түні бойы сонда болған. Ол жиі қыздарды әкеледі. Онысын білемін. Бірақ бұл қыздың санасы бес жасар баланікімен бірдей.Таңертең менің алдымнан шықты, оны ұрған. Не болғанын айтып берді. Полицияға барып арыз жазды. Сараптамадан өтті. Бірақ оларды жібере салған", – дейді зардап шегушінің танысы.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты пікір білдірді. 

"3 тамыз күні Петропавл қалалық полиция басқармасына Абай көшесіндегі жалға берілетін пәтерлердің бірінде облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы хабарлама түсті. Бұл факті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше, СҚО-ның 48 және 32 жастағы екі тұрғыны ұсталған. 

“Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қалған ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді”, – дейді полиция департаментінен.