Ел жаңалықтары

"Тұр орныңнан, не істеп отырсың маған бақырайып?": Мұғалімдерге ұрысқан әйелдің видеосы желіні шулатты

  • "Тұр орныңнан, не істеп отырсың маған бақырайып?": Мұғалімдерге ұрысқан әйелдің видеосы желіні шулатты

Желіде мектеп директорының мұғалімдерге айғайлап, ұрысқан видеосы тарады. Директордың ұрысқан сәтін аудиоға жазып алып, фотосын әлеуметтік желіге жариялап жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.                                               

Бұл туралы Instagram желісінде жарияланды. Видео жазбасында оқиға Алматы облысы, Қаратал ауданы, Оян ауылында болды деп жазылған.

 
"Түк жұмыс істемейсіңдер. Қыркүйекте сағатты алып аласыңдар, сосын болды. Ешқандай жұмыс жоқ, "Не істейсің маған?" деп отырасыңдар. Сендерде ешқандай нәтиже жоқ. Нәтиже жоқ па, сағаттарыңды қысқартамын. Маған қалтасы үшін жұмыс істемей, нәтиже беретін мұғалім керек. Әкім де, меңгеруші де "Оян, Оян" дей береді. Бұл сендердің беттерің, түк жұмыс істемейсіңдер. Жаңа Тамыз кеңесінде отырып, бір сағат Оянның жаман жерін естідім. Жүйкем қозып, қысымым көтеріліп тұр. Босқа жүріс. Мөлдір, саған 11-сыныпты Шынардан жұлып алып бердім. Тұр орныңнан, не істеп отырсың маған бақырайып? Сағатың көп болсын деп алып бердім бе? Не болды? Нәтиже қайда?", - деп аудиода әйел. 

Видеоға қатысты пікір жазғандардың басым бөлігі директор сөзін құптаған, ал кейбірі оның айғайын ұжымға деген құрметсіздік деп есептеген.

"Осыны түсірген адам ұялуы керек", "Басқа қалай сөйлеседі? Олар жұмыс істемесе, директор жауап береді", "Директордың осылай айғайлағаны дұрыс па? Бұл өз ұжымын құрметтемейтінін білдіреді", "Жұмысшылар жауапсыз, ал жауап беретін директор, оны түсінемін", "Көп мектепте осылай, ол жекеменшік мектебі емес екенін ұмытып кетеді", "Басқаша айтқанға түсінбейтін шығар", - деп жазған желі қолданушылары. 

Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Оян ауылында бір ғана мектеп бар. 

"Бүгін Қаратал ауданы білім бөлімінің мамандары мен кәсіподақ мүшелері мұғалімдерден осындай жағдай болған-болмағанын, қай кезде болғанын анықтау үшін сол мектепке кетті. Директордың сөзін естісеңіз, ол Тамыз кеңесі туралы айтады. Тамыз кеңесі былтыр карантинге байланысты онлайн форматта өтті. Ал директор Тамыз кеңесіндегі жиын туралы айтады. Ол 2019 жылы өткен. Соған қарағанда бұл оқиға 2019 жылы түсірілген", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

https://www.instagram.com/taldykorganec.insta/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30