Ел жаңалықтары

Турагенттік: Bek Air компаниясы билеттерді қайтармай жатыр

  • Турагенттік: Bek Air компаниясы билеттерді қайтармай жатыр

    Турагенттік: Bek Air компаниясы билеттерді қайтармай жатыр

Алматыдағы ұшақ апаты: туристік агенттіктердің бірінің директоры Bek Air әуе компаниясының тоқтатылған рейстердің билеттерін қайтармай жатқанын, фирманың кеңсесінде күнделікті жанжал туып, жаға жыртысуға шақ қалатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оның айтуынша, қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндері билеттерді әуе компаниясы емес, туристік фирмалар қайтарып келген.

Еске сала кетейік, қазақстандықтардың бұрын сатып алынған Bek Air әуе билеттерін қайтаруға толық құқығы бар екені мәлімденді. Егер жолаушылар өз қаражатын қайтаруда қандай да бір қиындықтарға тап болса, олар компанияны сотқа бере алатыны хабарланған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім еткендей, қайтаруды орындамаған немесе одан бас тартқан жағдайда компанияны сотқа беруге, материалдық және моральдық шығынды өндіріп алуға болады.

Әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деген болатын.

Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жариялаған еді.




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 21:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29