Ел жаңалықтары

Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық ару 2,5 ай бойы іздестірілуде

  • Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық ару 2,5 ай бойы іздестірілуде

    Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық ару 2,5 ай бойы іздестірілуде

Арайлым Орынбаева есімді 21 жастағы қазақстандық ару Түркияда жоғалып кетті. Аруды іздеу жұмыстары 2,5 ай бойы жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы қыздың анасы 41 жастағы қазақстандық Салтанат Орынбаева мәлімдеді. Әйел Түркияда қызы және екі ұлымен тұрады. Мамыр айында ол Арайлымның жоғалғаны туралы полицияға хабарласқан.

Қыздың анасының айтуынша, Арайлым не паспорт, не ақша, не өзге де құжаттарын алмастан үйден шығып кекен.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жоғалған қыз туралы ақпаратты растады.

"Білуімізше, ол шамамен 2,5 ай бұрын үйінен кеткен. Ол құжаттарын үйде қалдырған. Түркияда тұруға рұқсаты бар. Біздің Анталиядағы консулдығымыз біздің азаматты іздеп жүрген жергілікті полициямен байланыста. Мәселе бақылауда", - дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы рет куәгерлер таулы аймақтағы Хурма-Шайр зиратының аумағында Арайлымға ұқсас қызды көргендерін айтады. Полиция сол жерді тексерді, бірақ әлі де қазақ әйелінің ізі табылған жоқ. Іздеу жалғасуда. 




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 16:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30