Ел жаңалықтары

ТҮРКІСТАН: АГЕНТТІК ӨКІЛІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСІНЕ ОҢ  БАҒА БЕРДІ

  • ТҮРКІСТАН: АГЕНТТІК ӨКІЛІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСІНЕ ОҢ  БАҒА БЕРДІ

    ТҮРКІСТАН: АГЕНТТІК ӨКІЛІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСІНЕ ОҢ  БАҒА БЕРДІ

Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Айдос Жұмабек, ең алдымен облыс орталығында орналасқан  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалында болып, қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына енгізілген жаңашылдықтардың барысын бақылады.  
Шара барысында электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен онлайн тапсырыстар беру, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot2.0, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу, ХҚО-на кезекті алдын ала брондау жолдары бойынша қызмет көрсету процестері таныстырылды.    
Айта кетсек, өткен жылы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Түркістан облысы бойынша филиалы арқылы 2,3 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның тең жартысын түркістандықтар электронды түрде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алған. Елдегі карантин режимі енгізілуіне байланысты, халыққа қызмет көрсету орталығында  алдын ала кезекті брондау форматымен қызмет көрсету үрдісі қарқын алған.   
Сондай-ақ,  былтыр елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін 30 қараша күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен өзіне-өзі қызмет  көрсету секторларының жұмысы қайта жанданып, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137  өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылған. Келушілер компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады.
Айталық, тұрғындардың басым көпшілігі ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу қызметтеріне жиі жүгінсе, бүгінде сақтық шараларын қатаң сақтау мақсатында аталған қызметтер электронды түрге толық көшіріліп, халыққа барынша қолайлы  қызмет көрсетілуде.  
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа сатысына көтерілген орталықтың жұмыс жүргізу процесіне жоғары баға берген Рафаэль Гасанов, өңірде цифрландырудың сапасын арттыру арқылы қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында орнайтын тікелей байланыстың болмауынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деректері төмендейтінін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап, ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау үшін ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді (106 мемлекеттік қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезекті еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға мүмкіндік қарастырылған.  




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 20:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31