Ел жаңалықтары

Түркістан: мемлекеттік кірістер департаменті жемқорлықтың алдын алуға кірісті (фото)

  • Түркістан: мемлекеттік кірістер департаменті жемқорлықтың алдын алуға кірісті (фото)

    Түркістан: мемлекеттік кірістер департаменті жемқорлықтың алдын алуға кірісті (фото)

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдинның төрағалығымен «семинар-кездесу» өтті деп хабарлайды МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Семинар-кездесудің тақырыбы өзекті де өткір мәселелердің бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту, алдын алу мақсатында психологиялық тренинг форматында өткізілді.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Абдрахманов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің басшылары қатысты.
Жиын басында Дулат Нұрахметұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде күшейту қажеттігін және аталған күрес басты назарда  болуы керектігін баса айтты.

Кездесу барысында Нұрдәулет Ілиясұлы, Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінде профилактикалық жұмысты міндетті түрде жиі жүргізу керектігін айтып өтті.
Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары Мұрат Қайыргелдіұлы және Адам ресурстары басқармасының басшысы Айжан Габдуллина қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында баяндамалар жасады.

Жиын соңында Тәуелсіз психолог Айдана  Садықбекова психологиялық тренинг ретінде сабақ өткізіп, қатысушылар белсенді қатысты.




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 22:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31