Ел жаңалықтары

Түркістан облысын тағы да су басты

  • Түркістан облысын тағы да су басты

    Түркістан облысын тағы да су басты

 13 мамырда кешке Түркістан облысында нөсер жаңбыр жауып, су деңгейінің көтерілуіне байланысты ондаған жеке үй су астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстың төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Төлеби ауданының Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. Ал Екпінді ауылында аталған өзенде су деңгейінің көтерілуіне байланысты төрт жеке үй мен 15 аула аумағын су басты.

Шымкенттегі Еңбекші ауданының Елтай ықшамауданында Төлеби ауданынан суару каналдары арқылы ағып жатқан су 60 ауланының аумағына кірген. Тұрғындарды құтқарушылар, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Тоғыс ауылының № 120 және № 119 ОМ эвакуациялық пункттеріне эвакуациялап жатыр.

Сонымен қатар, суды тартып шығару және арықтарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Otyrar.kz хабарлағандай, Елтай тұрғын алабында эвакуациялық пункттерге 150 адам эвакуацияланды,150-ге жуық адам туысқандарына кетті. ТЖД мобильді тобы дауыс зорайтқыштардың көмегімен елді мекен тұрғындарын эвакуациялау туралы хабардар етті.

"Тұрғын үйлердің аулаларындағы су деңгейі 20-50 сантиметр. Қазіргі уақытта су ағыны секундына 3-5 текше метрді құрайды", - делінген хабарламада.

Басылымның ақпараты бойынша, Төлеби ауданында төтенше жағдай орнына аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың бастамасымен құрылған жұмыс тобы келді. Көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Шымкент шекарасындағы Сұлтан Рабат ауылында да су көп, жолдар өзенге айналды. Бұл туралы куәгерлер хабарлады. Ленгерде де осындай жағдай. Қазығұрт ауданында Жігерген ауылдық округі тұрғындарының үйлерін су басты.

Stan.kz




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 08:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31