Ел жаңалықтары

Түркістан облысында 40-тан астам кәмелет жасына толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді

  • Түркістан облысында 40-тан астам кәмелет жасына толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді

    Түркістан облысында 40-тан астам кәмелет жасына толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысының полицейлері 2021 жылдың 25-31 қазан күндері аралығында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Шараның мақсаты - кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын сауық мекемелерінде болуын анықтау болып табылады. Сондай-ақ сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында қорқытып алушылық, ақша жинау, суық және атыс қаруларын алып жүрулерін анықтау және топтасып қылмысқа баруларының алдын алу болып табылады.

 
Мәселен, аталған іс-шара кезінде Жетісай өңірінде жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруінің 20 жайты анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік шара көрілді. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі "Ата-аналық міндетін орындамау" бойынша 3 ата-анаға тәрбиелік міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама түзіліп, сотқа жолданып, айыппұл салынды. Осыған орай аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында қаралды. Жетісай АПБ ЖПҚ  ЮПТ-мен Жетісай қаласында сауда орындарында ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 1-бөлігімен "Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкогольдік өнімді сату" фактісімен, дүкен сатушысына хаттама толтырылып Жетісай аудандық сотына әкімшілік жаза көру үшін жолданды.                

Оған қоса облыс орталығы Түркістан қалалық ПБ-ның қызметкерлері де "Жасөспірім" шарасын қарқынды жүргізуде. Түркістан қаласындағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында, ювеналды полиция, қалалық прокуратура, ішкі саясат, жастар орталығы мен адами әлеуетті дамыту бөлімдері бірлесе отырып, рейдтік іс-шаралар өткізді. Соның нәтижесінде 24 жасөспірім полицияға жеткізілді. Оларға қатысты түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен хаттама толтырылды. Бұл бағыттағы іс-шаралар күнделікті өз жалғасын таба бермек. 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.10.2021, 13:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30