Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында аспанға оқ атқан жас жігіттер анықталды

16 наурыз 2023, 12:05

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, түнгі уақытта көше бойында бір топ жас жігіттердің бұзақылық жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғанын анықтады. Яғни олар белгісіз қарумен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, оқиғаның 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болғанын анықтады. Оқиға бойынша қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты. Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар соңында қызық үшін аспанға оқ атқан. Олардан айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды. Жас жігіттер өздерінің осы іс-әрекеттеріне өкініп, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі