Түркістан облысында бір күнде 9 тұрғын шетелдік көлігін заңдастырып, мемлекеттік нөмір алды

24 қаңтар 2023, 11:18

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған, яғни шетелден әкелінген көліктерді елімізде заңдастыру тапсырмасына сәйкес бүгіннен бастап акция басталды.
Ол республика көлемінде барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізілуде.
Бір реттік акцияның алғашқы тәулігінде Түркістан облысында талапқа сай келген 9 көлік барлық тексеруден мүдірмей өтіп, мемлекеттік нөмір алды.
Ескерте кетсек, бұл акцияға Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көлік қатыса алады. Одан кейін көлік іздеуде болмауы қажет, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы тиіс, кедендік тазартудан өтуі керек.
Айта кетер жайт, аталған науқанда көлік иелеріне толыққанды түсіндірме жүргізіп, мемлекеттік көлікті алуына ат салысу мақсатында тәртіп сақшылары Мамандандырылған ХҚКО-на бөлініп, қызмет етуде.
Сонымен қатар арнайы Түркістан облысы бойынша +7 (72533) 5 86 37 Сall-орталық қоңырауларды қабылдауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі