Ел жаңалықтары

Түркістан облысында бұрынғы ІІМ қызметкері 6 жасар немересін зорлаған

  • Түркістан облысында бұрынғы ІІМ қызметкері 6 жасар немересін зорлаған

    Түркістан облысында бұрынғы ІІМ қызметкері 6 жасар немересін зорлаған

Соңғы уақытта елімізде туғанынан зорлық көрген балалардың оқиғасы жайлы жиі жазылып жүр. Сондай оқиғаның бірі бұрынғы ІІМ қызметкерінің отбасында болған. Ел сыйлайтын 72 жастағы азамат 6 жасар жиен немересін зорлаған, деп хабарлады baigenews.kz.

"Атасы туған немересін зорлаған. Ол өмір бойы құқық қорғау органдарында, тергеу изоляторының күзетшілігінде жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Сол күні мас күйде үйіне келген. Үйде әйелінен бөлек, қызы мен немересі тұрған. Қызы күйеуімен ажырасып, ата-анасының үйіне қайтып келген. Ер адам үйіне келгенде қызы болмаған, жұбайы ұйықтап жатқан. Ал немересі теледидар көріп отырған. Сол сәтті пайдаланып, 6 жасар балаға сексуалдық зорлық көрсеткен. Сотта күдікті отбасында үйге байланысты жанжал болғанын дәлелдеуге тырысты. Үй оның атына жазылған.  Ал қызы мен әйелі бірігіп, оның баспанасын тартып алмақ болған", - деді Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың судьяся Дәурен Мадалиев. 

Алайда күдікті алқабилерді сендіре алмады. Барлық айғақтар оның қылмыс жасағанын көрсеткен. 

 

"Дәрі ішіп алған": 26 жастағы алматылық әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп кетті
"Оларға көмектесу - біздің азаматтық парызымыз": Танымал блогер Дәулет Мұқаев Африка халқына су тартып берді

"Баладан психологтың қатысуымен жауап алынды. Ол тиянақты жауап берген. "Мен мультфильм көріп отырғанда, атам келді. Мені жатқызып, сондай жасады..." Ал баланың анасы сотта: "Әдетте мен үйге келгенде балам алдымнан жүгіріп шығып: "Не әкелдің?" деп сұрайды. Бұл жолы көңілсіз отырды. Не болғанын сұрағанымда үндемей, жылады. Кейін айтып берді", * деген. Ол тез арада дәрігер туысына барған. Ол ақылы түрде тексеруден өтуге кеңес берген. Дәрігер баланың артқы жағының зақымдалғанын анықтаған", - деді судья. 

Дәурен Мадалиевтің айтуынша, сот отырысына күдіктінің бұрынғы әріптестері келіп, оған оң бағасын берген. Адал азамат екенін атап өткен.




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.12.2021, 18:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31