Түркістан облысында ер адам дүкен алдында тұрған терминалды бұзып, ішіндегі ақшаны ұрлап кеткен

20 қаңтар 2022, 16:43

Түркістан облысы Келес аудандық полицей департаментіне жергілікті тұрғындардан ұрлық туралы хабарлама түскен. Ер адам дүкен алдындағы терминалды бұзып ішіндегі 40 мыңға жуық ақшаны ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер дүкенге кірер алдында орналасқан төлем терминалын ашып, ақшаны ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын сомасы шамамен 40 мың теңгені құрайды.

Қылмысты ашу мақсатында аудандық бөлімде тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы құрылып, жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде Келес АПБ полицейлері бір тәулік ішінде күдіктіні ұстады. Жергілікті тұрғын болып шықққан азаматты тексеру үшін полиция бөліміне жеткізді. Тәртіп сақшылары жас жігіттен балғамен және басқа да заттай айғақтарды тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.