Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

02 тамыз 2022, 11:27

Түркістан облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам мерт болды. Тағы 3 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 2 тамызда түнгі сағат 02:00 шамасында "Шымкент-Бадам-Арыс" тасжолының Сарыарық ауылы тұсында болған. Мұнда "Lada Priora" мен "ВАЗ-21099" көліктері бетпе-бет соқтығысты

Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Lada Priora" автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда жолаушының бірі ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 

"Бүгінгі таңда аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады", – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.