Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында жол бойында жүргізушілердің қан қысымы өлшеніп, полицияға қатысты сұрақтарына жауаптар берілді

17 шілде 2023, 14:19

Түркістан облысының полицейлері 2 күн қатарынан ұйымдастырылған республикалық «Жолда қабылдау» іс-шарасы аясында жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол бойында жүргізушілердің қан қысымын өлшеп, полицияға қатысты туындаған барлық сұрақтарына жауаптар берді.

Сонымен қатар, жол ережесін қатаң сақтау туралы арнайы ескертпесі мен заң баптары жазылған жаднамалар таратты.

Полицейлердің талдауы бойынша жыл басынан бастап 6 ай ішінде облыста 200-ден астам жол көлік оқиғасы орын алып, шамамен 90 адам қаза тапқан. Сондықтан жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аталмыш акция облыстағы 17 ауданда ұйымдастырылуда.

Облыс орталығы Түркістан қаласында «Керуен сарай» кешені, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы және Сауран шеп бекетінде ұйымдастырылса, аудандық полиция құрылымдары адамдар көп шоғырланған орын ретінде өз аумақтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткізді.

Іс-шараның 2 күнінде полицейлер шамамен 300 адамды қабылдап, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында көмек көрсетті.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі