Ел жаңалықтары

Түркістан облысында жол-көлік апатынан тағы 7 адам қаза тапты

  • Түркістан облысында жол-көлік апатынан тағы 7 адам қаза тапты

    Түркістан облысында жол-көлік апатынан тағы 7 адам қаза тапты

Түркістан облысында полиция қызметкерлері 7 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 
Бүгін, яғни 20 маусым күні Созақ ауданының Екпінді-Бірлік автожолының 144-531 шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Бұл туралы хабарлама аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне сағат 11.20-да келіп түскен.

«Оқиға орнына бірден ТО ПД-нің криминалистері мен анықтаушылары және жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері «Лада-Приора» мен «Фольцваген-Гольфтің» соқтығысқанын анықтады. Оқиға орнында 2 жеңіл көлік жүргізушісі мен 5 жолаушы көз жұмды. Ал жарақат алған 1 адам аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған жайт аудандық бөлімінде СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке басын анықтап, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында болған жантүршігерлік жол-көлік апатынан 7 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Олардың төртеуі бала болған.




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 16:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31