Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында қызметтік этиканы сақтамаған полиция басшысының орынбасары қызметінен босады

14 желтоқсан 2022, 22:16

Түркістан облысында қызметтік этиканы сақтамаған полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен босады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
Әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған полицейдің әрекетіне қатысты шешім қабылданды. Қызмет бабында шорти, майкамен келе жатқан ол алдынан шыққан формадағы қызметкердің бірін қолымен нұқып жіберген. Кейіннен Түркістан облысы полиция департаменті этиканы сақтамаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты тексеру басталғанын мәлімдеген болатын.

Заң аясында жүргізілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша бейнежазбадағы басшының орынбасары қызметтен босатылды. Сонымен қатар қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» 362- бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде желдей ескен полицейдің іс-әрекеті жайлы жазбалар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын баршаңызға жеткізген едім. Сол шаралардың бастамасымен бөлісуді жөн деп отырмын. Себебі, нақты қолданылып жатқан жұмыстардан сіздердің хабардар болуларыңыз полицияның ашықтығын білдіреді» - деді полиция генерал-майоры.