Ел жаңалықтары

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған 4 азаматқа қатысты сот шешімі шықты

  • Түркістан облысында мас халде көлік басқарған 4 азаматқа қатысты сот шешімі шықты

    Түркістан облысында мас халде көлік басқарған 4 азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған төрт бірдей азаматқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы аумағында ағымдағы жылдың сәуір айының 11-13 күндері аралығында «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.

Осы іс-шараның бірінші тәулігінде жалпы 50 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша төрт дерек тіркелген.

Осы жайтқа қатысты төрт азамат Отырар аудандық ауруханасының наркологиялық медициналық куәландыруынан өткізіліп, нәтижесінде «жеңіл дәрежелі» масаң күйде екендігі анықталған. Аталған құқықбұзушылықты жасаған төртеудің автокөліктері ақылы айыптұраққа қойылып, тиісті құжаттар жинақталды. Осылайша жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Отырар аудандық сотына жолданған болатын. Бүгінде спирттік ішімдік ішіп масаң халде көлік тізгіндеген азаматтарға қатысты сот шешімі шықты.

Аудандық сот олардың әрқайсысын жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырып, 15 тәуліктен әкімшілік қамаққа алу бойынша үкім етті.




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 16:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31