Ел жаңалықтары

Түркістан облысында ірі газ құбыры зақымдалды

  • Түркістан облысында ірі газ құбыры зақымдалды

    Түркістан облысында ірі газ құбыры зақымдалды

 28 сәуірде Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Энерджи сервис» компаниясы газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жоғары қысымды, диаметрі 400 мм-лік жер асты газ құбырына зақым келтірді. Компания өкілдерінің айтуынша, олар электрмен жабдықтау тіреуішін орнату мақсатында вертикальды бұрғылау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 2810 үйге, 17 коммуналды-тұрмыстық кәсіпорынға, 7 өнеркәсіптік кәсіпорынға көгілдір отын жеткізіп отырған газ құбыры бүлінді.




Қазіргі таңда 23 елді мекен газ жүйесінен ажыратылды. «КазТрансГаз Аймақ» компаниясының мамандары газдың ауауға таралуын тоқтатты. Айта кету керек, газ құбыры Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық балансына қарайды, демек, үйлерге газдың қашан қосылатынын тек Түркістан облысының Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық басқармасы ғана айта алады.




Бүгін, 29.04.2019г. 12 сағат 30 минутта Түркістан облысында Тоғұс ауылы, М.Мәметова көшесі, 27 мекен-жайында азаматша З. Усербаева өзінің жер телімінде газбен жабдықтау ұйымының келісімінсіз трактор жалдап, жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде қысымы жоғары, Ду-400мм болат газ құбырына зақым келтірген. Бірден газ тоқтатылып, ауаға тарап кетуіне жол берілген жоқ.




Облыстағы 17 елді мекенде газ өшірілді. Оқиға орнына Төлеби аудандық ішкі істер департаментінің қызметкерлері шақырылды.

Жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде газ өткізуші ұйымдардың келісімін алу керек. Енді газ құбыры жөнделгеннен кейін және шығын өтелгеннен кейін ғана газ қайта беріледі.





Көрілген: 785    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 18:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30