Ел жаңалықтары

Түркістан облысында судья 300 мың теңге аламын деп, 5 жылға темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты

  • Түркістан облысында судья 300 мың теңге аламын деп, 5 жылға темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты

    Түркістан облысында судья 300 мың теңге аламын деп, 5 жылға темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты

Түркістан облысында 300 мың теңге көлемінде пара алған судья да, ақша берген кәсіпкер де сотталды, деп хабарлайды  Stan.kz .

Облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов 5 жылға, пара беруші кәсіпкер 2 жарым жылға бас бостандығынан айрылыпты.

 
"Сот Бекімбетовке қарасты істі қарап, Бекімбетовті банкрот басқарушысы Ережеповтен 300 мың теңге көлемде айтарлықтай пара алғаны жөнінде оны кінәлі деп тапты.Ал Ережеповты Бекімбетовке 300 мың теңге, айтарлықтай параны бергені үшін оны пара бергені үшін кінәлі деп, сот үкімі шықты", - деді Қаратау аудандық сотының судьясы Момбек Әмірбеков.

Айта кетейік, 30 жыл бойы сот саласында жұмыс атқарған Түгел Бекімбетов биыл сәуір айында ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері кәсіпкер Ережепов өз фирмасын банкрот деп шешім шығару үшін судьяға 300 мың теңге ауызбастырық беріп жатқан жерінен қолға түсірген. Судья да, кәсіпкер де тергеу кезінде кінәсін толық мойындаған. Сол себепті енді екеуі де жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс.  




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 02:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30