Ел жаңалықтары

Түркістан облысында суицид жасаған оқушы қыз анасына хат қалдырған

  • Түркістан облысында суицид жасаған оқушы қыз анасына хат қалдырған

    Түркістан облысында суицид жасаған оқушы қыз анасына хат қалдырған

Түркістан облысында 15 жастағы оқушы қыз мектептегі емтиханнан кейін өзіне қол салды. Қайғылы жағдай 2 маусымда Ордабасы ауданындағы Көкарал елді-мекенінде болған. Қара жамылған отбасы бұған мектеп директорын кінәлайды.

М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің директоры Айсара Стаева AstanaTV тілшілеріне берген сұхбатында ешкімге қысым жасамағанын айтқан, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz порталы.

«Төраға ретінде маған орын берді, мен сол орында отырдым. Баланың төбесінен қарап, қасына барып ештеңе істеген жоқпын. Қысым? Қысым жасаған жоқпын», - дейді М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің директоры Айсара Стаева.

Қазір мектепте тергеушілерден бөлек арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Мән-жайды солар анықтамақ.

«Шығарған есептерінің бәрін біз қарап жатырмыз. Зерделеу жүріп жатыр. Қортындысын, нәтижесін біткеннен кейін айтамыз әрине. Бізбен бірге қазір тергеу орындары да қазір жұмыс жүргізіп жатыр», - дейді Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы, комиссия өкілі Әлібек Кенжебаев.
Полиция бұл жағдайға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал, марқұмның анасы Айман Қанайқызы қызы телефонына хат жазып қалдырғанын айтты.

«Телефонында «Мама! Кешіріңізші! Сіздің үмітіңізді ақтай алмадым. Сіздің атыңызға жақсы ат келтіре алмадым» деген сообщениесі тұр екен. Оны жібермеген», - дейді марқұмның анасы.




Көрілген: 5588    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 21:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31