Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында тұрғындардың 5 млн теңгесін алдап алып кеткен әйел ұсталды

03 маусым 2022, 14:11

Екі тұрғыннан алаяқтық жолмен 5 млн теңгеге жуық ақша алған сарыағаштық әйел қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Сарығаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі бірдей әйел адам арызданды. Олардың айтуынша, сырттай танысы «Даму» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беремін деп сенімдеріне кіріп, біреуінен 2,6 млн теңге, екіншісінен 2,2 млн теңге ақша алған. Алайда жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамаған. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі – 4,8 млн теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізуі барысында күдікті әйелдің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Күдікті жас әйел жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.